Акшанын кушимен жабылган кызыкты омир

Адилет Аким
Акшанын кушімен жабылган кызыкты омір.

 Міне осы жерден бастап жана, кулдырау заманы басталып, дуниенін астан-кестені шыгады. Ал жогарыда айткандай, ар елде мемлекет акшанын емес, когамнын ондіріс кушінін байлыгына гана, ягни экономикага негізделеді. «Акша жасау» мемлекеттін кызметі емес. Ал «шіркін, Америка кусап байысак кой, армансыз олер едік» деп, киялдайтындар омірге жеке адамнын козкарасын гана білдіреді. Сонан барып кана сол акшанын коптігінен Американын да іштей іріп-шіріп жатканын кормейді. Акшанын болашагы жок екенін білсек, онда адамнын болашагын ашамыз. Біреулер куздан ушып жатса, екінші біреулер кузга ормелеп бара жатады. Біздін омір дал осы сиякты, акшага айналган жан акшанын кудірет кушіне гана сиынады. Осыдан барып «акша», «акша» деп журіп, біз адамнын коленкесін де жогалтып, адамды тек кана акшамен гана багалайтын калге келіп, акшасыздардын барін ашыктан-ашык бомжга айналдыратын болганбыз. Міне, акшанын бізді кандай талкекке тусіргенін осыдан кейін барып жаксы тусінетін боламыз. Сонда бул кезінде Батыстын коркеу жолы болып келсе, біздін ашыктан-ашык  кулдырау жолымыз болып тур.
 Сонда осынын барін істеп жаткан катыгез, жансыз адамдар ма? Небір сумдыкка баратын бузакылар, ала-аяктар мен жамбакылар, баукеспелер, алдамшылар мен суайттар ма, осылардын барі адамдар емес пе? Сонда адам деген не? Егер омірдін барі жаман болса, онда жаксы деген не? Ал бул біздін омірдін шындыгы.
 Осы сурактардын баріне дурыс жауап табу ушін, алдымен адам тургысынан акша дегеннін не екенін тусіну керек. Сонда барып кана біз озіміздін кім екенімізді – капиталмыз ба жок адамбыз ба, білеміз. Сонда гана біз озімізді жане оз омірімізді баска жагынан ашып, адам тургысына кошеміз. Ал адам тургысынан біз акшанын казіргі заманнын болашак барысына кажеті шамалы екенін ашамыз жане сонымен катар акшага алгаш рет сыни козкараспен караймыз. Мундагы біздін айтып отырган ангімеміздін мані акшанын козін жойуда емес. Оны саналы турде пайдалануда. Ал акшанын кай уакытта, калай жойылатынын бір Жараткан иеміз гана біледі. Азірше бізге осы да жеткілікті.
 Ал шындыгына келсек, откен гасырларда бір тап бір тапты жаншыган, байлар кедейлерді езген, мемлекет елдерді канаган, осынын негізінде когамнын байлыгы жасалынган, ал бугін елдін барін езіп, аркімді жаншып, кинап отырган тек кана акшанын кудрет куші гана. Осынын негізінде когам кулдырап, копшілік азгындауда. Сонда бул адамдардын устем еткен канаушы таптарды тонкеруге акылдары мен куштері жеткенде, акшага келгенде акылдары жетпей, тубі енді жаппай акшанын кулына айналып, барлыгы да акша иелерінін курбаны болады дегенге сенуге болама? Ангіме мунда жекелеген адамдар да емес, кауымдыкта, барша адам баласында. Демек кулдырауды акшанын билігін ауыздыктап кана токтатуга болады. Болмаса миллиондаган адамдар армандарына жетпей, бірте-бірте омірлерімен коштасады. Ойткені акша тугызган психология – ажал психологиясы. Осыны умытпайык. Осыны естен шыгармайык.
 Біз социализмнен мынандай мура алганбыз. Социализм кезіндегі адам мен когам арасындагы тартыс тубі кайшылыкка ауысып, мемлекет пен адамдардын арасында шешілмес наразылык пайда болган, акыры сонын шиеленісуі социализмді кулатты. Бул кайшылык акшанын негізінде туган. Сол себептен ол  шешілген жок, кайта жана кезенде жана негізде орбіп-оршуде. Ол акша негізінде оршімейді, бірте бірте жойылады деген далел жок. Алемде оршіп жаткан кактыгыс пен соктыгыстар, ушыгып жаткан кылмыстын алуан турлері, бурынгы совет укіметі кеністігіндегі гана болып жаткан неше турлі ланкестік жагдайлар мен согыстар бул кайшылыктын даму устінде екенін корсетеді. Бул жерде ар адамды жугендеу мумкін емес, акшаны гана ауыздыктауга болады. Осынын гана жолын іздестіріп табу керек екені акикат.
 Осы ушін адамга бет буру кажет, онын кылыгын, іс арекетін біз айткан жагдай аркылы еркінен жане санасынан тыс тусіну керек. Ал акша адамнын санасына тауелді нарсе емес. Ол тарихи дамыган алеуметтік, тіпті улкен саяси куш. Ар мемлекет акшанын кушімен елді баскарган жане алі кунге шейін баскарады. Ал акшанын барін журттын колына беріп, акша жасандар, кундерінді калай корсендер солай коріндер деген когам копке бармайды, акшанын кушімен барша халыкты акшанын кулына айналдырып, озі тубегейлі ыдырауга ушырап жойылады. Біз міне дал осы дамудын устінде отырмыз. Ойткені бул акшалар когамнын пайдалануынан шыгып, барша халыктын колына тускенде,  адам игілігіне  жумыс істемей, тек кана елдерді бір бірімен кырлыстырып, адамдарды жоюга багытталган куш ретінде жумыс істейді.
 Бул менін айтып отыргандарым акша жайындагы жай ангіме гана. Ал онын шын сырын мен жогарыда айткан улкен кітапта жан жакты зерттедім. Адам баласы будан булай карай акшанын сырын ашып, оны озіне багындыру аркылы гана тыгырыктан шыгады. Онын болашакка баратын жолы да осы гана. Осы жолмен бугін бе жок ертен бе ол жана омірге кіреді. Бірінші кезекте бул постсоциалистік кеністікке катысты.
 Жогарыда атап откеніміздей, Казакстан когамды адамга бет бургызу ушін шешуші кадам жасап отыр. Бул жерде біздін республикамыздын президенті Нусултан Абішулы Назарбаевтын сінірген енбегі зор. Бул кісінін сирек кездесетін кабілеті барлык жерде багаланып жур. Когам будан булай да осы багытты арі карай дамыта отырып, келешекте табыска жетеміз деп уміттенуіне болады. Бул саясат адамдар мен мемлекет арасындагы кайшылыкты тугел жоя алмаса да жумсарта алады, ушыктырмайды, адамдардын жеке, дара дамуы мен тулганын калыптасуына жагдай жасауга умтылады. Егер де Казакстан осы жолды арі карай дамытатын болса, онда ол коптеген кайшылыктардан кутыла алатыны созсіз. Ол ол гана емес, менімше, бул жолмен Казакстан алемдік козгалыста алгы шепке де шыга алады.
           Бул жерде айта кететін жагдай, казіргі дагдарыстын терендеуіне байланысты, осы уакытка шейінгі жургізілген ішкі жане сырткы саясат кайта каралынуы керек. Бул жерде адам тургысынан жане акшаны ауыздыктау шараларын аныктаган дурыс, ойткені акшаны ауыздыктамай дагдарысты ауыздыктау мумкін емес.
 Осы жерге кортынды жасайык.
 Тарихтын даму барысында тек кана капиталга айналып турган акша гана казіргі оркениетті дамытып, адамзаттын жогаргы денгейдегі ондіріс кушін кураган жане адамды да адам кылып калыптастырган. Бірак адам озі жасаган байлыкты оз игілігіне пайдалана алмаган, ойткені капиталистік дамуда адам жасаган байлык кана емес, сонымен катар онын озі де тугелдей тауарга айналып отырган. Енді міне сол акшанын кушімен сол «товар» адмнын колына тусіп, адам енді акшага айналды. Сойтіп акша аяк астынан булдіруші кушке айналып, капитализмнін гасырлар бойы негізін кураган тауар катынастарын ыдыратты, ягни ондірістік катынастарын. Когам ондірісінін осындай жолмен токтап ыдырауы кутпеген, тосыннан болган окига болган сон, елдердін есін аударып, бір мезетке омірді де токтатты. Бул дегеніміз, акшаны козгаушы куштен блдіруші кушке айналдыру ушін, социализмге жетпіс жылдан астам уакыт керек болды дегеніміз. Біз кулдырау кезінде тек кана акшанын ар жагынан адамды кормегеннен жане оз омірімізді сырткы дуниемен гана алып караганнан кейін гана сана-сезімімізбен жане ойлау кабылетімізбен каратунекке кіргенбіз. Ал «акша жасау» біздін козімізді кормейтіндей етіп мыктап байлап тастаган. Сонымен міне 20 жылдан астам уакыттын ішінде не акшанын кызметін, не сол акшага байланысты адамнын кылыгын, іс-арекерін тусінбей, булінген дуниенін барін адамнын санасы жене еркімен байланыстырып, осы уакытка шейін барлыгына адамдардын оздерін кіналап дал болып журміз. Біреулерге солай керек болды, солай жасады, ал екінші біреулер оган карсы турган жок. Біреулер ойына келгенін істейді, ал калгандары оларга карап турады. Омір осылай оз барысымен журіп жатыр. Оз алдына алып караганнын озінде, букіл омірдін, бутіндей когамнын, когам ондірісінін жане онын бар мадени курлымынын аяк астынан токтап ыдырай бастаганы, - осынын барі оз озімен ак тангажайып нарсе емес пе? Осы уакытка шейін коркейіп, гулденіп келген когамнын аяк астынан «мифке» айналып, «тарихтын кателескені» немесе «отірік» болып шыгып, кутпеген жерден «елес» кана болганы - бурын-сонды болмаган керемет емес пе?
 Бул біз ушін шынында да акшанын кушімен жабылган оте кызык омір. Осы уакытка дейінгі калыптпскан тартіптін ыдырауы сол когамда осы уакыттын ішінде калыптаскан сана-сезімді де, ойлау тасілін де лезде ыдыраткан. Сол себептен аяк астынан шатасып «тусініксіз» калган ел, «капитализм» боламыз деп, амалсыздан «нарык экономикасына» кіріп, капитализмнін теріс айналдырган тонын киген.