Арман жане акикат

Адилет Аким
Бірак біздін омір казір бекерден-бекер несиеге кошіп жаткан жок. Бул адамдар арасындагы емес, оз бетінше бурыннан дамып жаткан когамдык карым-катынас. Бул карым-катынасты ешкім саналы турде баскарып жаткан жок, ол оз бетінше калыптасып жаткан агым. Егер омірдін барлык жагын камтып, несие турактылыкка айналса (казір алемде барлыгы да осыган санасыз турде кошіп жатыр), онда ол біздін оміріміз калай болган кунде де тубінде акшасыз омірге айналды. Сонда копшіліктін омірі осындай негізге ауысатын болса, онда маселе болашактын тургысынан шешілуі керек. Айтпесе ол ашыктан-ашык адамдарды кунсыздандырып, оларды жою кушіне айналады. Ал біріккен адамдарда «несие» когамдык куш ретінде ондіріске жумыс істейді, адамды озі ушін деген енбекке ынталандырады. Оз акшаларымен біріккен адамдардын максаты бір болады. Сойтіп бірінші жерден, ягни акшаны, мысалы несиеге алган, оз кара басына гана жумсаган жагдайда, біз адамдардын акшанын кулына айналу процессін корсек, екінші жерден олардын бірігу аркылы кулдыктан босануын кореміз. Бул жерде экономикалык зандылыктын орнына адамдардын ынтымагы жумыс істейді. Сонымен катар бул жерде адамдарды талкек ететін акша болмайды, кайта акшанын кушімен адамдар когамына баратын дамуды саналы турде баскара алады. Сойтіп барып кана акшанын кушін адамдарга каратай бурып, онын бар мумкіншілігін болашакка каратай жумылдыруга болады. Осыны тек кана акшаны несиеге айналдырып барып кана жургізуге болады. Сондыктан казіргі кезенде акша оз бетінше, біздін санамыздан тыс, несиеге айналуда. Бул сокыр козгалысты ешкім токтата алмайды.
Мен муны мысал аркылы айтайын. Казір менде бір миллион АКШ-тын акшасы бар дейік. Мен оны ондіріс орнына салып, белгілі бір молшерде жумысшыларды жалдадым. Копке бармай мен бул миллионнан айырылам, ал менін жумысшыларым болса, олар да жарымайды. Маган бул миллионды кобейту ушін мен жумысшыларымды кысып, алдау-арбау аркылы журуім керек. Мемлекетті алдауым керек тагы сол сияктыларга баруым керек. Бул казіргі омірдін турі. Акшаны булай пайдаланудан маган да жане баскаларга да келетін пайда жок. Менін карсыластарым, жауларым, душпандарым коп болады, тіпті менін жумысшыларым да мені тонайды. Ал енді екінші бір амалды алып карайык. Осы акшаны мен жумысшыларга несие ретінде боліп берсем, олар менін жумысшыларым емес, компаньондарым, ягни серіктестерім болады. Бул несие аркімнін коскан улесі болганнан кейін, барлыгы да бірдей ойлап, бір максатка гана умтылатын болады. Бул жерде социализмнін принципі оз бетінше біріккен адамдардын арасында жумыс істейді. Ал енді жанагы несиеге берілген миллионды алып карайтын болсак, ол белгілі бір уакытта маган кайтып оралып, кайтадан когам куші ретінде айналымга тусіп, ондірісті козгаушы кушке айналып отырып, жогалып кетпей унемі осіп отырады. Маркс муны «прибавочная стоимость» деген. Бул ішіп-жегеннен артылган онім омірді жан-жакты кенейтуге жане дамытуга жумсалады. Казіргі технологиянын негізінде бул тусім (косымша кун) ретінде шексіз дами алады. Мундай онімді капитализм техникалык прогресстін негізінде молайтып, сонын аркасында гана алемдегі адамдардын 70  пайыздан астамын жатып ішетін тутынушыларга айналдырган.
Басында несиенін калыптасуынын озі адамдар арасындагы карым-катынас болып келсе, ягни несиені жекелеген адамдар гана алып, осы жолмен аркімнін ал-аукаты жаксартылады деп тусінсе, бул Батыстын багдарынан алган окиганын басы гана жане осы турде бул тарихи кажеттілік болган. Осы кажеттілік аркылы акша адамдардын колына тусіп капитализмді ыдыраткан жане даралану аркылы осы жолмен оз алдына койылган  адамдарды жетілдіріп рухани дамыткан. Ал онын аягынын шешілмес кайшылыкка алып келіп тірегені казір куллі адамзатка белгілі. Ал енді бул жагдай «акырзаманга» келмес ушін, оны бул жерде кайтадан когамдык катынаска айналдыру керек те, адамдарды акшанын билігінен босату керек. Бул оз бетінше істелінетін жагдай емес, тек саналы баскарылатын процесс. Сонда барып кана несие аркылы акшанын билігін ауыздыктауга болады. Бул жерде акикат - жеке адамдардын козкарасында емес, когам тургысында. Бул когам осы тургыдан акшанын кушін адамдарга каратай саналы турде бурады.
Осы жерде гана акшанын билігін когам ауыздыктай алады. Ал бытырап журген адамдардын колындагы акша ішіп-жеп булдіретін акшалар гана.