Аштык

Гульжан Иманкулова
Ананы айт та мынаны айт,
Отірік айтпа - шынын айт!
Голощекин жолдастын
Колхоз курган жырын айт !
              Ел аузынан.

Акметжан аганын жырлаган «Кашау табанымен» жыртып салган егіні кургакшылык болган сон шыкпады. Шыкканы болса Укіметке планга откізді. Барлык малды колхоз орталыгына беріп , журт жудей бастады, бермегенін еріксіз алды. Ойткені, Казакстанды билеген Голощекиннін «барлык мал колхоз орталыгына алынсын» деген каулысы болып, оны орындаушы «шолак белсенді» деп аталатын окілдер

«Аша туяк алынсын,
Каптын тубі кагылсын.
Донгелек туяк майтабан,
Орталыкка салынсын!» деп орындалды.

Аша туяк дегені – кой, ешкі, шошка, сиыр; донгелек туяк майтабаны – жылкы,туйе. Каптын тубі кагылсын – астык тугел алынсын дегені. Мунын устіне ала жаз бір тамшы  жауын болмай,  колдер кургады. Бул 1931-1932 жылгы кургакшылык, аштык жылдары еді.

Малмен кун корген казак елі тоз – тоз болып  бастарынын ауган жагына кетті. Жалгыз сиырды корапты арбага жегіп, тосек – орынга Кайша карындасым екеуімізді орай салып, сиырды Касым агатайыма  жетектетіп, тун карангысында жаяулап акем де кошті.

Кошер алдында бір куні атам Балтабай дейтін досын шакыртып алып: «Балтеке, ел жагдайы мынандай болгасын, бурынгыдай касіп жок, кун кору киын болды. Мына жетімек балаларыма нан тауып бере алмайтын турім бар. Сенен несін жасырайын, ертен тунде біз де кошеміз. Озіне белгілі, мен алтын – куміс жинаган адам емеспін, бірак, алтыннан кымбат деп жинаган дуние – мулкім мынада , оны да білесін»,- деп кітап салган улкен  абдыра сандыгын нускады. «Осынын ішінде журтка ажуа болып, мал беріп алган китафтарым бар. Казір осыны бір пут бидайга алатын жан  табылмады. Енді сен ал , достым», - деді.

«Имеке, мен каріп танымаймын гой... Онын устіне бере коятын акшам, не астыгым жок, мал жагын озін білесін гой», - деді.

«Жок, достым, сен де озімдей екенін білемін гой, тегін ал! Омір бойы жинаган дунием гой, далада калмасын шашылып, тегін ал. «Бір  аштын бір токтыгы бар» деген бурынгылар, балаларын бар, керек боп калар»,- деп арабтын «Зарком» деген киссасы мен «Кыз Жібекті» койын калтасына салып, сандык кілтін жауып, Балтекене беріп, «Екінші кілт шошаланікі, колхоз устасына керек болса сайман сонда, осымен «дадагынаком», - деді, естілер  естілмес. Ол араб тілінде «осымен бітті» дегені еді.            

Сойтіп, акемнін омір бойы жинаган асыл мурасы  кітаптары, сонау кысылшан казан тонкерісі,1921 жылгы аштыкта касіп етіп , кун корген курал – саймандары осылай керексіз болып калды.

Барган жеріміз Россиядагы Корган облысындагы Сумка деп аталатын орыс, украин халкы аралас отырган деревняга коштік. Сагалап барганымыз Оспанов Кабдолла дейтін жездеміз, Шакан дейтін нагашы апамыз. Олар 1921 жылгы аштыкта келіп, осы жердін бір тургыны болып кеткен.

Бул жерде де колхоз. Бірак, аштык жок, жауын жауып, егін – шоп шыгыпты. Жане мангіден егін шаруасымен айналыскан дихандар гой... Онын устіне колхоздастыру кезінде  Казакстандагыдай «Аша туяк алынсын, каптын тубі кагылсын» ураны мунда болмаса керек, колхозшылардын меншігінде малдары, шошкалары, уйір - уйір каз – уйректері , тауыктары, уй бас сайын  картоп, капуста, тагы баскаларын  егетін уй манындагы жерлері бар.