Молшылык жане кунсыздану

Адилет Аким
МОЛШЫЛЫКтТА АДАМНЫН КУНСЫЗДАНУЫ


Мен ангімені бул такырыпка бекер козгап отыргам жок. Бул бір жагынан оте кызык, ал екінші жагынан абден шиеленіскен такырып. Егер жогарыдагы карастырган «зандылык» козкарасымен алатын болсак, бул ангіме біздін жалпы жагдайымызды жаксы сипаттап, омірдін терен денгейінде кандай кайшылыктардын жатканын анык корсетеді.  Алдымен біз мынандай бір сурак кояйык та, соган дурыс жауап іздеуге тырысайык. Неге аты-жоні жок бага осе береді, ал акшанын куны тусе береді? Мунын жалпы себебін мен жогарыда корсеттім. Ал казір бул кызыкты такырыпты адаммен байланыстырып аныгырак алып карайык. Бізде адамнын багасы осу устінде ме, жок алде, ол да томендеп бара жатырма? Мундагы біздін угатынымыз, негурлым заттардын куны шарыктап оссе, адамнын багасы согурлым томендеуде. Екінші жагынан, негурлым дуниен мол болса, сол гурлым дарежен де жогары болады. Адамнын мінездемесін коя турайык.
Мен осы сурактарга тубегейлі жауап іздеп, терен ой устінде букіл тарихты актарып,  айткан кітабымда онын ар бетіне зейін салып уніліп карадым. Сонда не таптым дейсіз гой? Мен мынандай бір жагдайга тап болдым. Адам баласынын орта гасырдан капитализмге отетін кезенінде шаруаларды жерден куалап, оларды жаппай кангытып жіберген кезен болган. Бул кангып кеткен шаруалар азып-тозып акыры жалга жумыс істегенге уйреніп, тубінде жумысшы табын курап, баска біреуге жумыс істегенге уйренген, ягни енбектін капиталистік тасіліне кошіп, экономикалык тулга болган. Бурын булардын барі оз оздеріне гана жумыс істейтін басыбайлылар, колонершілер немесе еркін шаруалар болган. Гасырлар бойы олар устемдік тапты асырап озі ушін енбек етіп, енді тагдырдын жазуы бойынша баска біреуге жумыс істегенді уйренген. Ал бул «баска біреу» деген когамдык ондіріс болган. Адам бул жерде алеуметтік тулгага айналган. Осы кезен акшанын жиналып бірте бірте капиталга айналатын кезені болган, ягни капиталга негізделген когамдык ондірістін туу кезені. Тарихта адам баласынын орта гасырдан капитализмге оту кезенін осы себептен зорлык-зомбылыкпен журген канды кезен деп атаган. Бірак мунын барі тубінде сол кездегі енбектін онімсіздігінен, кедейшіліктін салдарынан болган жагдай. Шаруалар – бытырап, бастары бірікпей жургендер болган. Ал оларды жерден куалаганда олар мулдем кангып кеткен. Осылардын барінін басын біріктіріп, буржиазия капиталистік когамды калыптастырган.
Ал казіргі алемде дал осындай жагдай молшылык кезенінде болып жатыр. Адамдар когамнан болініп, неше турлі жолдармен оз бетінше кун кору кобейген. Бастары бірікпейтін бір біріне ботен болып елдін барі бытыраган.
Ал енді біз озіміздін омірімізді алып карайтын болсак, онда осыган уксас жагдайлардын коп екенін кореміз, асіресе адамнын кунынын оте томен тускеніне карап, букіл омірдін біз білмеген де жане армандамаган да баска бір жакка кетіп бара жатканын байкаймыз. Ал біздін санамызда ол омірдін батыстык улгісі болып корінеді. Сонда біз осы кайда кетіп бара жатырмыз деген сурак кайта кайта туып мазалай береді. Ал біздін батыстын жолымен бара жатпаганымыз анык. Егер біз оз озімізді білмесек, онда Батыстын кім екенін жане онын кайда екенін кайдан білеміз? Біз алі атасы мен анасына карайтын, улкендермен оз озін тенейтін жас балалар сияктымыз.
Сондыктан біз Америкага караймыз деп озіміздін Казакстан екенімізді де жане социализмнен шыкканымызды да умытып, озімізді озіміз танымай, бейне бір ботен елде жургендей сезінеміз. Ал тарихи шындыкка келетін болсак, онда Америка осы уакытка шейін тек кана озінін жолымен журіп келген жане онын жолы ешкашан да біздін жолымызбен тогыскан емес. Батыс бізге ешкандай да «папа» бола алмайды. Америкада осы уакытка шейін ар нарсенін жане сонымен катар адамнын да озіндік куны да, орны да бар. Капитализмнін откен кезенінде де ар нарсенін озіне тиіс куны болган, жумысшылар да багаланган жане артык жумысшыларды да кангытпай асырап багып отырган. Ал социализм «кун» деген тусінікті жойып, сонымен бірге адамнын да бурынгы, капитализмге катысты багасын жойып, бізге мурага акшаны калтырып, дуниені жане озімізді багалауды оз еркімізге койган. Акшанын негізінде бір бірінді калай багалайсындар, оз еріктерін біледі. Міне социализм адамдарга тура осылай деп, букіл елді жарым жолда тастап кеткен. Демек біздін тіршілігіміз оз еркімізбен, оз тусінігімізге сай калыптасып жаткан дуние. Ал социализмнен шыккан адамдардын социализммен бірге олардын тусініктерінін де ыдырауына байланысты, оздеріне тан озіндік тусініктері болмаган. Бурынгы тусініктерінен аяк асты айырылган адамдар оздерінін бурынгы жолдарынан да адасып, кайдан келіп кайдан шыкканын да білмей калган. Содан барып тыгырыкка келіп тірелген когамнын санасына капитализмге еліктеуден баска жол калмаган. Когамнын козді ашып жумганша талкандалуы бірден улкен ретсіздікке алып келіп сокты. Сонан барып біз, амалдын жогынан, капитализмге айкара есік ашып, кулдыктын бурын-сонды болмаган жана туріне кіргенбіз. Ал енді осыны казір «біздін Батыска баратын жолымыз» деп, бізді жаналкымнан алып жаткан сумдыкты «тарихи кажеттілік дегеніміз» - акталынатын багыт емес, ;з ;зін акшанын негізінде жойып токтакан агым.
       
    Бул дегеніміз когамда да, адамдар омірінде де барін кадагалап, ар нарсені оз орнына койып туратын ешкандай экономикалык немесе когамдык зандылыктар жок деген соз. Бул жерде акшанын устемдігінен тыс зорлык та, зомбылык та жок, бір біріне куш корсететін мунда тек кана адамдар гана. Мунын барі бізге орта гасырлардагы курылымды бекер козімізге елестетпейді. Сондыктан «алі жеткен алі жеткенді» деген адамдар арасындагы акшага негізделген карым катынастар бурынгы «когамдык тартіп» дегеннін орнын баскан. Ал бул жерде бірінші кезекте кунсыздануга адамнын озі урынган.
Осынын есесінде ушы киыры жок бір бірімен дауласып, соттасып жаткан халыктарды кореміз. Осы жерде міне бізге аділетті, кукыктык (прававое) мемлекет керек деген алеуметтік-саяси талап туады. Баскаша айтканда, осынын барін тартіпке салып, реттеп туратын занды куш. Ал социализмнен шыккан елдерде мунын барі жеке адамдардын колында кеткеннен кейін, батыстын тартібі бізде орнамай, барлыгы керісінше кеткен. Сонда бул керісінше кетіп бара жаткан дуниені батыска бара жатырмыз деген тек кана теріс айналган сана болган.
Ар нарсенін куны бар екені аркімге белгілі. Ауа мысалы оте кажетті зат, бірак онын ешкандай куны жок. Ар нарсенін куны ондіргенде гана пайда болады, жане жеке адамнын емес, когам ондірісінде гана. Ал біз пайдаланып журген заттарда тек кана тутыну багасы гана бар. Ол бага заттардын кунынан сураныска байланысты томен де жогары да бола береді. Егер ар заттын куны ондіргенде оспесе, оз бетінше ешкашан да оспейді. Сондыктан заттардын тутыну багасынын томен немесе жогары болуы біздін омірімізде улкен кызмет аткармайды. Капитализмде мундай жагдайлар ол туа салысымен пайда болып, оле-олгенше кайталанып отырады. Унемі ондіріс пен тутыну бір бірімен тенестіріліп отырган. Мундай кайшылыкты Маркс экономикалык кайшылык деп аныктаган. Ал біздін тап болып отырган жагдайымыз, ар заттын багасынын оны ондіргенінін, шыгарганынын немесе дайындаганынын киындаганынан емес, оз бетінше, ешкандай зандылыкка тауелсіз, аты жоні жок шарыктауында болып тур. Егерде біз тутынып журген заттардын барін техника жасайтынын ескерсек жане сонымен катар олардын барінін шетелдерден келетінін умытпасак, онда олардын кунын іздеу бізге оте киынга туседі. Шетелдерден алып келетін тутыну тауарларына жан-жактан жабылатын адамдардын саны каншама! Мундай арамтамактардын                санын кобеткен тек техникалык когам гана!
Озініз ойланызшы, бір Кытайдын озі казір каншама алемді тутыну товарларымен камтамасыз етеді. Ал егер олардын енбегі техникага негізделмесе, онда оларды асырау керек болар еді. Техника ешкімнен толем акы сурамайды, тозыгы жеткенше бізге акысыз кызметін істеп журе береді. Ал «кун» деген тусініктін озі кезінде адамнын кара кушіне негізделген ондірісте туган. Гасырлар бойы осылай болган.  Сол себептен ол кезде адамнын кара кушімен когамда ондіретін дуние барлыгына жетпеген, оган сондыктан тек кана байлар гана емін еркін ішіп жеген, ал жумысшылар болса жанын баккан. Ал бугінгі жагдайда когам аркім емін-еркін ішіп жейтін молшылык заманга жетіп, техниканын аркасында коп адамдарды гана емес, коп елдерді енбектен босаткан. Сойтіп «акша жасауга» койган. «Постиндустриялык» немесе «информациялык» когам деген міне осындай байлык кезенді корсетеді. Демек, тарихи дамуда адамзат байлыкты толыгымен игеріп, енді оны ар адамнын байлыгына айналдыру маселесіне келіп тіреліп тур. Демек Америкадагы адамдардын азгындауы дуниенін жетіспегенінен емес, молшылыкта пайда болган кубылыс. Бул біз танданатын жай ма алде жок па? Ал улы Аристотель философия танданудан басталады деген. Енді осыган теренірек уніліп корейік.
Казіргі кезендегі дамыган капиталистік мемлекеттердін озі кунсызданудын негізінде буліну процесіне тап болган. Бул жерде де экономикалык зандылыктардын бузылу салдарынан когамдык ондіріс те баяулап, дал казіргі кезенде томендеуге бет алган. Азык-тулік дагдарысы казір букіл алемге кауып тонгізіп жылжып келе жаткан керемет алып куш. Біздегі болып жаткан жагдай дал біздегідей ушыккан турінде болмаса да, барлык елдердін экономикасынан жане алеуметтік омірінен мыктап орын алган. Казіргі «маркетинг пен менеджменттін» кушагына енген адамдар сауда, нарык, акша деп омірде экономиканын жане экономикалык зандардын бар екенін мулдем умыт калдырган. Бул жерде «ондіріс тасілі», «енбек ету адістері», неше турлі ондірісте колданатын амалдар, - осынын барі умыт болган. Ал оларсыз біз оз омірімізді калай тусінеміз? Жер бетінде не ушін тіршілік ететінімізді кайдан білеміз? Ал бул біздін омірімізді корсететін жай, карапайым нарселер.  Олардын орнын басатын ар адамнын жан-жакты даму амалдары алі когамды козгайтын саналы кушке айналмаган. Остіп ар адамнын талкегіне койылган омір кулдырау багытында санасыз «о дуниеге» бара жатырма?
Бул жерде ар адам когамнан кол узген, оз алдына озі койылган, оз жанын озі багатын жагдайда калган. Муны мысал аркылы корейік. Совет укіметі кезінде ондіріс тауарларын сатуды мемлекет уйымдастырган. Бул жерде мысалы саудага араласкан мын адам жумыс істесе, ол когам енбегінде істеген жане ол жай  жанын баккан жок, когамнын жумыскері ретінде енбек еткен. Казір сол онімдерді саудалап жан багатын жуз мын адам пайда болган. Сонда ойлап караныз, сол кездегі мын адам сататын тауарды казір жуз мын адам сатып журсе, онда бул тауарлардын багалары кандай болуы керек? Бірінші адамдар когам адамдары, олар енбек етіп омірге талпынган, ал екіншілер бірін бірі коре алмай арен жанын багып жургендер. Бірінші жагдайда белгілі бір бага усталса, онын котерілуі мен арзандауы ондіріске байланысты болган, екінші жагдайда бул уйымдаспаган, аркімнін колында лагып кеткен багалар гана. Бул бастапкы кунынан жуз есеге котеріліп кеткен бага. Сонда совет укіметіндегі бір сом казір екіжуз тенге болган. Ал италиандыктар мен туріктерде миллион-миллиардка кеткен. Сонда когамда барлык адамдарды керекті ондіріс буйымдарымен камтамасыз ету ушін жуз мын адам жумыс істесе, оларды оз ара болісетін бір миллион адам. Ал акша жасау тасілімен жан багатын акшаны біреудін шашын алып беріп, батінкесін тазалап, емдеп немесе моншада аркасын ысып беріп те табуга болады. Сонда бул кандай омірдін амалы, кандай мадениеттін денгейі? Тагы да бір мысал алып карайык.
Маселен, совет укіметі кезінде адамдарды мамандыгына карап, енбегімен багалайтын, біліміне, сауаттылыгына карайтын, акындарды, жазушылырды, онер адамдарын колпаштап кошеметтейтін, оларга курмет корсететін, жумысшылардын да озіндік куны болган, ар адамды енбегіне карай багалап, аркім озіне тиісті сый-курметке ие болган, ал жалкауларды тагы сол сияктыларды ажуалаган, келемеждеген, тарбиелеген. Енді міне осы алеуметтік корсеткіштердін барі жойылып, адамнын озі улкен кунсыздануга тап болып, казіргі кезде неменеге айналып бара жатканын озі де білмейді. Онда казір жан баксам немесе байысам дегеннен баска арман да жок. Бул тек канырап босап калган адам. Ягни ол бір жагынан омірінін бар мазмунын дуниеге толтырып, ал екінші жагынан дуниесінен ажырап, тіршіліктін адамдык манін жогалтып, енді босап, канырап турган адам. Ол озін озі немен толтырарын білмей турган адам. Тіпті кім болсан да сенін атагын да, даулетін де туракты емес екенін аркім біледі. Бул жерде кімнін болса да кунсыздануга ушырайтыны белгілі нарсе. Бул дегеніміз откен кезендегі енбек аркылы келетін бак, даулет, арман деген тусініктер аяк астынан акшага айналып, тек кана жекелеген адамдардын гана басына конатын болган, онын устіне мунын озі ауыспалы дуние, бугін біреудін басына барып конса, ертен екінші біреуге барып конады. Сойтіп «бак», «даулет» дегеннін озі турактылыгынан айрылып, аркімге уакытша гана дуние болып калган. Бул жерде адамдар бурын сонды біздін омірімізде болмаган басекеге тусіп, бурынгы социализм кезіндегі «жарыс» деген созді тастаган. Бул «алі келген алі келгенді жыгады» деген соз. Сонда бул мангілік омірдін формасы ма? Дал казіргі акшанын азайуы кезенінде бул омірдін турі копке бармай, акырында адамдардын коптеп кырылуымен аякталады. Ал буган коз жеткізу казіргі жагдайда да киын емес. Бір  «инсульт» пен «инфарктын» озі гана каншама адамнын омірін жалмап жатыр! Ал жастардын кыршынынан киылып жатканы каншама!
Экономикада «онім», «осім», «тусім», «табыс» деген тусініктер бар. Егер адамдар тапкан таянгандарынын барін ішіп жей беретін болса, онда олар оспейді, олардын енбектері онбейді, бактары жанбайды. Орта гасырлардагы омір сурген феодалдык когамдар  жуздеген жылдар бойы оскен жок, олардын дамуы тым баяу болган. Ойткені олар тапкан таянганынын барін ішіп жеп отырган. Байлар омірін той думан, ойын сауыкпен откізген, неше турлі заулім сарайлар салган, адемі шіркеулер тургызган. Байлар дуниені кызыктап тамашалаган. Болмай бара жатса, бірінін байлыгын бірі тартып алып, бірімен бірі согысып кырлыскан. Осылардын барінін ауыртпалыгы енбекші халыктын мойнында болган. Бул жай бытырап журген басыбайлы шаруалар мен колонерлер когамы болатын. Онын ішінде саудагерлер де болган. Осылардын ішінен «шык бермес шыгайбайлар», дам татырмас, тапкан таянгандарын ішпей жемей жинайтын сарандар да пайда болган. Сондайлар гана тарихи даму кезенінде оз байлыктарын бірте бірте капиталга айналдырган. Когамдык ондіріс капитализмге отетін кезенде гана калыптаскан. Бул жерде де акша жасау принціпі жумыс істеген. Неше турлі копестер, саудагерлер, алыпсатарлар, айырбасшылар жене солар сиякты тагынын тагылары неше турлі жолдармен баскалардын енбегін жеп, акша жинап байыган. Алді халыктар алсіз халыктарды шауып тонаган. Булар гасырлар бойы дамыган.
Біздін казіргі омір міне дал осы суреттеме сиякты. Акшасы барлар жеке касіпорын, шаруашылыктар жасайды, лауазымды жумыстарды аткарады. Ондаган адамнын енбегін пайдаланып, олардын иелері астарына кос-костан машине мінеді, санді уйлер салады, не ішем не жеймін демейді, мундайларда омірге сенімділік, куштарлык болады, ал жалшылар мен жарлылар болса кунін кореді де, оздерін бейне бір кара тунекте жургендей сезінеді. Біздін Казакстанда казір осындай шагын жане орташа касіпшіледін саны, мысалы, бір миллионга жетті десек, сонда бул не болганы, муны кандай енбектін тасіліне жаткызамыз жане когам тургысынан, тіпті тарихи козкарастан калай деп тусінеміз? Осылардын тырбандап журген енбегін машинага жуктеген, дамыган елдерде мындаган адамдар мандай терлерін агызып, онімсіз енбекпен айналыспай-ак мейрамдап жур. Ал біз кандай булжытпайтын деректерге суйеніп, осыдан біздін ен болмаса ертенгі куніміздін жаркын болатынына козіміз жетеді? Сонда осы бытырап журген «колонершілер» мен «шаруалар» когамы бастарын біріктіріп, ертен алемде  озінен озі булініп, бузылып жаткан капитализмді кайтадан орната ма? Казіргі бытыраган адамдардын тапкан таянгандары олардын ішіп-жеуіне де жетпейді. Ал жинау, кор жасап, омірді жан-жагынан алга бастыру, бурыннан тек  когамга гана тан. Сондыктан бул капитализмнен гана басталады. Казіргі омірдін магнасыздыгынын озі ар адамнын тіршілігінін ішіп-жеу ушін дуние жинауга негізделіп, когамнын кор ондіру (косымша кун) механизмінін бузылганында.
Біз, мумкін, коп нарселерге сенеміз, киялдаймыз, армандаймыз, ажал келіп олетінімізді де білеміз, тіпті о дуниеде жумакка немесе тозакка баратынымызды да білеміз. Ал мындаган жылдар бойы дамып келген тарих осы уакытка шейін кайталанган жок жане ол ещкашан да кері бурылган емес. Біз тек кана киялдап кана кешегі кунді коз алдымызга елестете аламыз, ертенгі кунге де барып  кайта аламыз. Ал тарих біздін санамыздан да, киялымыздан да тыс тіршілік ететін, тек кана оз зандылыктарымен журетін когамдык шындык, біздін болашагымыз да тек кана тарихтын коз карасымен дамиды. Ал саналы омір суру ушін бізге оны танып білу гана керек.
Ал бул жерде біз тарихтын емес, тек кана жекелеген адамдардын гана кимылын, іс-арекетін жане талпыныстарын кореміз, осылар аркылы болжам жасаймыз. Біздін оміріміз коніл котеру, мейрамдау орнына айналса, бул адамдардын талабына, калауына икемделген куылым. Сонан барып біздін омір адамдардын омірімен шектеліп, оз бетінше омір сурген когам омірі мемлекет оміріне айналган. Сойтіп бул жерде «когам» деген тусінік калган. Когамды біз казір мемлекет дейтініміз осыдан. Когам копшілік оміріне айналган. Ал экономика дегеніміз тек кана когамнын іс кимылын білдіріп, сонын жан-жакты дамуынын негізінде жататын, коп елдін бірігуінен пайда болган біртутас когамдык куш. Ал казіргі кезенде когамнын аткаратын кызметін мемлекет аткарып турса, онда жеке адамдардын кушіне айналган мемлекет те ыдырау устінде. Ал бул да акшанын негізінде журіп жаткан объективті процесс.
Социализмде адамдар бір біріне емес, когамга жумыс істейді жане олардын ал-аукатынын осуі де осы когамнын ондіріс кушінін немесе мадениетінін дамуына байланысты болады. Социализм муны ар адамга каратай бура алмаган. Болашактагы адам тургысынан жасалынган когам барша адамды біріктіріп, олардан алдымен улкен когамдык куш жасайды. Сойтіп барып кана бул адам когамы техниканын кушімен ар адамды жан жакты дамытатын жагдайга жеткізеді. Бул когамда, айталык, ар сау адам таулігіне, мысалы, коп болса уш-ак сагат жумыс істейді делік. Калган 21 сагатын калай пайдаланса да озі біледі. Ол сойтіп озінін бір жапырак нанын оз енбегімен тауып жеп, осы енбегі аркылы когамнын баска оміріне де араласа алады. Бул дегеніміз, казіргі дамыган технологиянын негізінде когам оз озін толыгымен керекті дуниемен камтамасыз ету ушін ондагы адамдардын аркайсысынын уш сагат істеген жумысы жеткілікті болады деген соз. Энгельс будан жуз жылдан астам бурын когамнын толык корын жасауына ар адамнын торт сагат жумысы жеткілікті деген. Ол техниканын осуінін негізінде осы когамдык корды кобейтіп, осіріп отырады. Казір дамыган елдердін кейбіреулерінде 6 сагат жумыс орын алган, ал Японияда айелдер 4 сагат жумыс істейді екен. Бул казіргі кезенде. Ал енбекті уйымдастырган когамда барі де адамга каратай ыкшамдалады. Сонда мен 21 сагаттын ішінде немен айналысуым керек? Оны адамдар оздері біледі, білім алама, билейме, олен айтама жок алде когамды баскару жумысына араласама, болмаса шетелге кыдырып кете ме. Бірак бул жер бірінші кезекте, адам даму кеністігі ретінде, адамга каратай бейімделіп, саналы турде уйымдастырылады, саналы турде баскарылады. Адамды кул кылатын енбек адам талабына сай уымдаскан турде оган еркіндік алып береді деген дана соз осыдан шыккан. Кедейлердін ен кобі казір Кытай мен Индияда турады екен, Африканы айтпаганда, ал олар мандай терін агызып букіл алемді асырап жатыр. Бул акшанын кулдыгынын гана куші, ягни Батыс жасаган «рыночная экономиканын». Баскаша болган жагдайда кытайлар кошелерінін барін базарга айналдырмас еді. Ол жердегі омір казір Шан Яннын тусындагы омірден аумай калган.