Пайгамбарлар

Досым Омаров
Пайгамбарлар –  адамзат  когамынын  жетiлу шынында тургандар. Олар Жаратушы мен адамзаттын арасын байланыстыратын хабаршы. Пайгамбардын келу себебi мен максатын Абай былай деп тусiндiредi:

Замана, шаруа, мiнез кунде озгердi,
Оларга кез-кезiмен наби келдi.

("Алланын Озі де рас, созі де рас", 1902 ж.)

 Абай отыз сегiзiншi кара созiнде алем омірi баршага ортак зандылык зандылыктармен уйлесімді омір суріп жатканын тусіндіреді. Бiрак уакыт откен сайын замана (уакыт), адамдардын iс-арекеттерi (шаруа) жане олардын болмысы  (мiнез) озгерiске тусiп, когам омірі бул зандылыктардан ауыткиды.

Адамзат ауелгi берiлген рухани бiлiмдi умытып, имандылык жолын бурмалай бастайды. Бул адамзат когамын надандык курсауына тусiрiп, омірдiн бейберекетін шыгарып, адамдарга зардап шектiредi. Сол уакытта мейiрiмдi Жаратушынын калауымен, Абай созiмен айтканда, "Оларга кез-кезiмен наби келдi".

Набилердін (пайгамбарлардын) акелген бiлiмi – акикат, мiндетi – адамды имандылык жолына салу. Арбiр пайгамбар жер бетiне акикатты шындык бiлiм акеледi.

Берiлген бiлiм халыктын турмыс жагдайы, салт-санасы, омір суру адiсi, тiл озгешелiгi, тагы баска заман мен уакыттын  ерекшелiктерiне  байланысты артурлi тiлде, немесе турлi кулшылык жолымен берiлгенiмен, олардын барлыгы да адамды имандылык жолына салып, кокiрек коздерiн ашып, бiр Кудайга багыттайды.

Бул – Алланы танудын манісі, сырткы корінісі.  Бiрак тагриф Алла (Алланы тусiну) максаты озгермей,  сол калпында калады. Онын себебi – куллi макулык озгерсе де Алла мангiлiк, Ол ешуакытта да озгермейдi. Алланы тусінудін максатыг ягни Оган деген сенім (иман) – Алланы танудын, ягни діннін ішкі мані.

Себебі, манігілікті Аллага сенім, Оны тану арбір жаннын жане ол жаннын тупкі мангілікті ниеті мен максаты болып табылады. Сондыктан, барлык жан иелерінін омірі Алгашкы Жаратушыны іздеп табуга багытталады. Бірак оздерінін бір Манді іздеп жургендерін аркім тусіне бермейді. Муны барлык касиеттi кiтаптар да, аулиелер де бекерге шыгармайды.
    
Барлык пайгамбарлардын тупкi максаты бiр. Ол – адамзаттын санасын котеру аркылы  имандылык  жолына салып, рухани жетiлуге мумкiндiк беру. Пайгамбарлардын барлыгы да ауелi Абсолюттiк акикат бiлiм бередi, бiрак уакыт ыкпалы бул ортак бiлiмдi болiп, не болмаса жiктеп турлi дiндер тудырады. Сондыктан бугiнгi кундерде дiн угымы Абсолюттiн белгiлi бiр корiнiсiн гана корсететiн бiржакты тусiнiк болып калды.

Пайгамбарлар жогары алемнен арнайы максатпен жiберiлген жандар болгандыктан, оларды карапайым адамдар деп ойлаудын озi улкен  куна.  Олар жер бетiнде карапайым адам ретiнде  омірге  келiп,  осiп-жетiлуi  мумкiн.

Бiрак олардын негiзгi максаты баска, ол кейiннен бiлiнедi. Мысалы, пайгамбарымыз Мухаммед (с.г.с.) кырык жаска дейiн ерекше  козге туспей,  аділ копес ретiнде гана омір сурсе, ал Иса пайгамбар жас кезiнде балташы болган.

Будда мен Заратуштра патшанын отбасында дуниеге келiп, ханзаданын ролiн аткарган. Осылай пайгамбарлар алгашкы бетте жетiлудiн артурлi денгейiнде омір сурулері мумкiн. Уакыты  келгенде оны Жаратушы пайгамбар дарежесiне котередi. 

Алгашкы денгей халыктын сол кездегi рухани денгейiне байланысты болуы мумкiн. Болашак  пайгамбарлар  сол  халыктын  iшiндегi ен жетiлген болiгiнiн арасында болады.
   
Уакыты келгенде пайгамбарлардын  ерекшелiгiн  Алла тагаланын Озi ашады. Бул ашылу пайгамбарларга улкен сынак ретінде беріліп, турлi жолдармен болуы мумкiн. Ашылганнан кейiн пайгамбарларга Жаратушы комегiмен ерекше рухани куш-касиет берiледi. Бул ерекше рухани куш-касиет пайгамбарларга  баскаларды озiне сендiрiп, сонынан ертуге мумкiндiк бередi.

Сойтiп ол Жаратушынын жарлыгын халык арасына жая бастайды. Олар Жаратушынын ыкпалымен арекет етiп, Онын улы жоспарын жузеге асырудагы мiнсiз куралына айналады.
    
Рухани карангы халыкты озiне елiктiру ушiн пайгамбарлар кейде мистикалык (тылсым-сикырлык) арекеттер де корсетедi.  Мысалы,  Иса пайгамбар су устiмен журу, суды шарапка айналдырып жiберу, олiнi тiрiлту, ауруларды жазу сиякты неше турлi гажайып  касиеттерi аркылы халыкты сонына ерткен. Бiрак материалдык тылсым-сикырлык арекеттер корсету олардын негiзгi мiндетi емес. Олар рухани мiндеттi – адамнын бетiн Кудайга буруды ойлайды.

   
Пайгамбарлардын адамзат когамындагы ролi, имандылыктын манызы туралы Касиеттi Кураннын (2.36-37, 4.135, 4.149-151, 4.162, 40.78, 10.48, 14.4) сурелерiнде анык айтылады. Касиеттi Куранда дiндердi, олардын кагидаларын бiр-бiрiне карсы максатта пайдалануга тиым салынады.
    
Сонгы екi жарым мын жылдын iшiнде Муса пайгамбармен "Таурат",  Дауiт  аркылы  "Забур",  Иса  аркылы "Iнжiл",  Мухаммед (с.г.с.) аркылы "Куран" кiтаптары тусiрiлдi.  Таза  ниетпен окып,  таныган адамдарга бул касиеттi кiтаптардын арасында айтарлыктай озгешелiктер жок. Тортеуi де адамнын имандылыгын толыктырады.
    
Пайгамбарлар туралы Абай отыз сегiзiншi кара созiнде  былай деп жазады:
   
"Бул уш турлi фигыл Куданын сонында болмак, озiн кул бiлiп, бул фигылдарга гашык болып, тутпакты пайгамбарлар уйреттi".
   
Отыз сегізінші кара созінде  Абай уш турлi фигылга адамнын бiлiмiн,  ракымдылыгын, адiлеттiлiгiн арттыруды жаткызады. Білім, ракымдылык, аділет занын устану – булар алемнін уйлесімді омірінін кепілдері.

Абайдын айтуынша, жетiлу дегенiмiз – Кудайда бар осы уш касиеттi адамнын оз бойында керегінше жетілдіруі. Булар жан касиетi болгандыктан,  кулшылык жолымен гана жетiледi. Кулшылыкты тутпакты, ягни калай iстеудi пайгамбарлар уйреттi. Бул уш фигылды дамытканда адамнын жанынын тазаруына мумкiндiк туады, ягни Кудайга кайтуга жол ашылады деген соз. Данышпаннын ойы бойынша, пайгамбарлар осы негiзгi максатка жету жолын уйретедi.

    
Пайгамбарлар адамды аулие дарежесiне котере алады. Себебi олар оздерiнiн рухани кушiмен адамнын нускасын мулде озгертiп, тазартады  да  оган  аулиелiк  касиеттер  дарытады.  Сондыктан пайгамбарлардын негiзгi комекшiлерiнiн  барлыгы  аулиелер  болган.

Мысал  ретiнде  пайгамбарымыз Мухаммед саллаллаhу  галайhи уасалламнын сахабаларын, Иса пайгамбардын апостолдарын,  Будданын  архаттарын келтiруге болады. Олардын барлыгы да Кудайга таза берiлген, имандылык жолында омірiн пида еткендер. Пайгамбарлардын акелген бiлiмi адамзатка рухани устаздар аркылы тарайды.

   
Пайгамбарлар мен аулиелердiн айырмашылыктары бар.

Бiрiншiден, пайгамбар болу –  тек кана Кудай тагаланын берген амiрiнен, ал аулие болу себебі – аркімнін шын конiлмен таза берiлiп ынталы журек аркылы жасалган Кудайга таза кулшылык.

Екiншiсi, пайгамбар оз дарежесіне Кудай тагаланын буйрыгымен жетiлудiн кай денгейiнен болса да бiрден котерiле алады, ал аулиеге котерiлу ушiн адамнын біртіндеп эволюциялык рухани жетiлуi жане Кудай тагаланын шапагаты, сонымен бірге, аркiмнiн озінін улкен ынта-жiгерi де керек.

Ушiншiсi, пайгамбарлар Кудай тагаланын елшiсi болса, ал аулиелер – сол елшiлердiн тусiрген хабарын баскаларга жеткiзушiлер. Тортiншiсi, пайгамбарлар адамзат когамында белгiлi бiр дiни агымнын негiзiн калаушы, ал аулиелер болса – сол дiни агымды ныгайтып, оркендетушiлер. Бесiншiсi, пайгамбарлар хабарды Кудай тагаланын Озiнен алады, ал аулиелердін білім алатын негізгі козі –  касиеттi кiтаптар жане рухани устаздар, сонымен бірге, оларга білім журек аркылы да беріледі.

     Міне, Абай ілімінен адамнын рухани жетілуінін осындай биігін коре аламыз. 
    
Корыта айтканда, адамнын жетілу жолына тусуі ушiн, Абай ілімі бойынша, ауелi сызбада корсетiлген салауатты омір салтымен материалдык жолды отуі керек екен. Материалдык жетiлу ен ауелi аркiмге табигатынан берiлген мiндеттерді орындаудан басталады.

Арбiр адам аке, ана, бала, дос-жора, азамат болу тарiздi бул омірде турлi орын алып, соган байланысты турлi мiндеттер аткарады. Адамзат когамынын оркендеуi олардын осы мiндеттерiн дурыс орындауларына байланысты екенi белгiлi. Ендеше ен ауелi аркiм сол мiндеттерiн дурыс орындауга уйренулерi керек.

Жогарыда айтылгандай, аркімнін оз міндетін дурыс орындау адамга жетiлу сатысындагы бiр денгейден екiншi денгейге котерiлуге мумкiндiк бередi. Эволюциямен осылай жетiлiп, адам бiртiндеп рухани сатыга котерiледi.