Жарым адам

Досым Омаров
Абай шыгармаларын жуйелеу аркылы осындай сана-сезімнін турлі дарежелерін коруге болады. Адам санасынын турлі дарежелерін исламнын баска гуламалары да корсетіп кеткен. Енді соларды кыскаша шолып шыгайык.

Абай ілімінін мінсіздігі дау тудырмайды. Сондыктан, бул шолуды Абай ілімінін дурыстыгын далелдеу ушін емес, онын шыгармашылыгын біздін озіміздін дурыс тусінгенімізге коз жеткізу ушін гана жасаймыз. 

Руми саналарынын жетілу дарежелеріне байланысты адамдарды былай деп уш болiкке боледi:

 "Акыл-есiнiн жогарылыгынан перiштелер тарiздi нурга айналгандар. Булар – умiт пен корку сезiмiнен кутылган аулиелер мен пайгамбарлар.

Кейбiреулер акыл-естерiн тугелдей кумарлыктары женiп, олар малга айналды.

Ал кейбiреулер карсылыктар мен курестiн ыкпалында калды. Булар куаныш пен кайгынын, ауру мен зардаптардын курсауында. Бундай омір олардын оздерiне унамайды, сондыктан олар унемi омірiн жаксартуга умтылады. Оларды Кудайга сенетiндер деп атайды.

Аулиелер олар тузеледi, оз мекендерiне жетiп Туп иеге кайтады деп сенедi.

Ал шайтандар олар ен томенгi денгейге кулайды деп тосады".

Руми осылай адамдардын кемелдену дарежесiне байланысты оларды ушке боледi:

1. Мал дарежесiндегi ен томенгi сатыдагылар.

2. Унемi жанталас куреспен пендешiлiк омірiн откізетiн ортангы сатыдагылар.

3. Акыл-есiнiн жогарылыгынан нурга айналган ен жогары сатыдагылар.

Сопылардын iрi окiлдерiнiн бiрi Айн ал-Кудата ал-Хамадани (1048-1138 жж.) классификациясы да Румидiкiмен сайкес келедi:

"Адамзаттын бiрiншi тобы адамдык турi болганымен адамдык касиеттерi жок пенделерден турады... Олар тек надандыктын курсауында.

Екiншi топтагыларда адам турi мен нускасы гана емес, сонымен бiрге олардын адамдык негiзi де бар...

Ушiншi топтагылар дiннiн тупкi манiне жеткендер. Булар нагыз Жогары Жаратушыны коргаушылар".

Мiне Абайдын отыз сегiзiншi кара созiнде берген адамнын жетiлу денгейлерiн:

"жарым адам" (мал),

"адам",

"толык адам" деген жуйесi сопы гуламалары ойларымен толык ундесетiнiн коремiз.

Адамнын жетiлуiнiн томенгi дарежесi туралы Руми былай дейдi/8/:

"Есек тарiздi кумарлыктарына толык берiлген... Олар толыгымен фанилiк iстерге берiлiп алдау-арбаумен шугылданады, алтын жiппен тiгiлген киiм киедi, тенiздерден асыл тастар алады, геометрия гылымынын ен курделi тустарын бiледi, астрономия, медицина жане философияны жаксы игерген.

Олар тек кана осы алеммен байланысты болгандыктан, оларга жетiншi аспанга жол жабык. Олардын барлык бiлгендерi туйелер мен букалар туратын корага гана пайдасы бар. Бул гылымдар бiрнеше кун омірi бар малдар мен солардын омірi ушiн гана багалы. Ал Кудай гылымын тек журек адамдары гана бiледi.

Сойтiп Кудай гылыммен каруланган сымбатты малды жараткан. Бул топты "мал тарiздiлер" деп те атауга болады. Малдарда уйкыдан баска журектерiнде баска калау жок... Бiрак булардын малдардан айырмашылыгы – оздерiнiн касиеттерi мен табигатын озгертуге мумкiндiктерiнiн барлыгында". Таза материалдык денгейдегілерді гулама Руми, міне, осылай суреттейді.

Бірак адам бойында жетiлуге деген кумарлык унемі болады. Бул кумарлыктын табигатын Руми былай деп тусіндіреді: "Адам ауелi нан керек кылады, себебi ол нан аркылы озiне куш тауып, жанына омір суру ушiн тиянак табады.

Ол нан табу ушiн турлi кулыктарга барады.  Бiрак ол оз максатына жеткен сон нанга деген ынтасын жогалтып, ендi атак-данк, сый-курмет, озiнiн шыккан тегiн мадактауга умтылады. Бунын себебi Кудай адамды озіне уксас етiп жараткан, сондыктан адамнын касиеттерi Онын касиеттерiмен уксас. Ал жаратушы  Кудай Оны мадактауды жане Оган ризалык бiлдiрудi калайды".

Ал-Газали адамнын жетілуге кумарлыгы онын эволюция зандылыгымен кемелденуіне мумкіндік береді дейді. Адамнын Кудайга умтылу себебi – онын тупкi негiзi мангiлiктi, ягни рухани. Сондыктан адам баласы сол мангiлiкке жетпейiнше тыныштык таба алмай, унемi iзденiс пен талпыныста болып, уакытша фанилiк омірмен арпалыста, куресте болады.

Бiздiн рухани табигатымыз толык бутiн, еркiндiкте жане мангiлiктi болгандыктан, бiз унемi осы касиеттерге умтыламыз. Сонымен адам болмысынын негiзi мангiлiктi жан жане ол лаззат пен бiлiмге толы болгандыктан, сол касиеттi жандандыру жолында уздiксiз iзденiсте болады. Сойтiп ол озiнiн физикалык денесiне канагат кажеттерiн тапкан сон, арi карай сезiмдерiн канагаттандыру ушiн гылым-бiлiм iздеп, турлi омір корiнiстерiн кызыктайды, акыры озiнiн табиги болмысын таниды.

Адамзат шексiз-шетсiз улан байтак алемнiн бiр кiшкентай гана болiгiн кураса да, жан иесi Туп Иеге кайту жолында осылай коптеген белестерден отедi. Бул белестердi Абай исламнын улы гуламалары тарiздi уш сатыга боледi.

Абай жетiлу жолында бiр сатыдан екiншi сатыга, бiр денгейден екiншi денгейге котерiлу ушiн екi шарт керек екенiн корсетедi: бiрiншiсi, адамнын жетілуге ынта-жігері болса, ал екiншiсi, жетілу денгейіне котерілу ушін жасалган мумкiндiк. Абай ілімін жуйелей отырып адам санасынын жетілу жолдарын уш сатыга шогырландыруга болады.

Жарым адам. Бiрiншiсi – ен томенгi саты. Бул сатыдагылар омірдін кунделікті кызыгымен гана жургендер. Ауелі оздерінін кызыгын гана ойлайтындыктан, олар – напсiлерiнiн толык ыкпалында.

Оларды Абай озiнiн отыз сегiзiншi кара созiнде "жарым адам" деп атайды. Омірдi тек кана оз тандерi аркылы сезiнгендiктен оларда озiмшiлдiк касиет басым. Олар оздерінін тагдырына байланысты кобінесе бейберекет ретсіз омір суретін бакытсыз отбасында дуниеге келіп, дурыс тарбие де ала алмай, сана-сезімі томенгi бiрiншi сатысынан узап кете алмайды.

Абай озiнiн "Малга достын  муны  жок  малдан  баска", "Тугызган ата-ана  жок",  "Кур  айгай  бакырган" сиякты  коптеген олендерi  мен  2...6-кара  создерiнде  осындай адамдардын касиетiн  бiлдiредi.  Малдан баска бiлерi,  тіпті мал табуга каракеті де жок, адал енбекпен шугылданбайтын, гылым-бiлiмге кулкыны жок, кайырымсыз, отiрiк айтып, осек-аянды куйттейтiн мундай жандарды ойшыл малдан айырмашылыгы жок деп есептейдi:

Оздерiн де ойландар,
Неше турлi жан барсын.
Гылым да жок, ми да жок,
Даладагы андарсын.
       ("Озгеге, конілiм, тоярсын", 1890 ж.)

Сойтiп Абай  мундайларды  дамудын томенгi денгейiне койып, оларды  даладагы андарга тенейдi. Оларда жетілу оте мардымсыз, жок деуге де болады. Бірак омір зардабы олардын кейбіреулерін дурыс жолга тусіріп, барлык жаман карекеттерінен бас тартуга мажбур етеді.

Сойтіп олар келесі денгейге котерілуге мукіндік алады. Олардын омір корлыгынан кутылуга улкен ынта-жігері болуы керек жане оган жету ушін имандылык омірдін реттегіш тартіптерін кабылдауы керек.

2. Жарым адам

Ен томенгі сатыдагылар озін-озі тек кана тан деп танып, саналары оздерінін напсілерінен аса алмай, тандерінін кулына айналган адамдар. Бул туралы улы гулама ойшылдардын тусiндiрiп кеткенiн айттык. Напсi деген угымга адамнын барлык сезiмдерінін ыкпалы жатады. Напсiкумарлык деп молшерден артык тамак турлерін iшіп-жеу, козбен кору, кулакпен есту, мурынмен иiскеу, жыныс катынастары тарiздi тан кумарлыктарын кажетсiнiп, солардын ыкпалымен орынсыз iс-арекеттерге умтылуды айтамыз. Осынын салдарынан адам салауатты омір жолынан шыгып кетеді.

Абай олендерiнiн  басым  копшiлiгi  кемелденудiн  осы томенгi денгейiнде турган адамдардын кокiрек козiн  ашып, оларга барынша комектесуге  арналган.
Улы данышпан Руми бейберекет, калай болса солай омір суретiн томенгi сатыдагы адамдардын барлык бiлгендерi туйелер мен букалар туратын корага гана пайдасы бар дейдi.

Бул арадагы "кора" деген соз фани алемдi бiлдiредi, ал туйелер мен букалар – фани омірдегi адамдар. Олар жартылай адам, жартылай мал. Руми корсеткендей, олардын адамдык табигаты хайуандык табигатпен уздiксiз куресте болады. Мiне омірдiн жогары максаты тургысынан карап, исламнын улы гуламасы томенгi сатыдан котерiле алмай жургендерге осындай бага бередi.

Мундай козкарас Абайда да бар. Ол озiнiн "Сегiз аяк" оленiнде былай деп жазады:

    Басында ми жок,
    Озінде ой жок
    Кулкiшiл керден наданнын.

Оларга жаны ашып, капа болган акын арi карай былай жалгастырады:

   Кайнайды канын,
   Ашиды жанын,
   Мiнездерiн коргенде.

Абай озiнiн жетiншi кара созiнде ондай адамдарга былай деп сипат бередi:
"Кокiректе сауле жок, конілде сенiм жок. Кур козбенен корген бiздiн хайуан малдан немiз артык? Кайта, бала кунiмiзде жаксы екенбiз. Бiлсек те, бiлмесек те, бiлсек екен деген адамнын баласы екенбiз.  Ендi  осы  кунi  хайуаннан  да  жаманбыз.  Хайуан бiлмейдi,  бiлемiн  деп  таласпайды.

Бiз  тук  бiлмеймiз,  бiз де бiлемiз  деп  надандыгымызды  бiлiмдiлiкке бермей таласканда, олер-тiрiлерiмiздi бiлмей, куре тамырымызды адырайтып кетемiз". Осылай Абай "хайуаннан да жаманбыз" деп Румидiн адамнын "напсiкумарлыгы женгенде жануардан томен кулдырап кетедi" деген созiн растагандай болады.

Енді улы ойшылдардын осы создерінін маніне уніліп корелік. Мумкін олар кателескен шыгар? Бул сурактын жауабын табу ушін адам мен хайуанаттардын табигаттагы жан иелері тіршілігінін негізі, барлыгына ортак торт іс-арекетті – уйкы, тамак, корганыс жане жыныс катынасы – калай жасайтындарын салыстырып корелік.

Уйкы. Барлык жан иелерінін белгілі бір уйыктайтын уакыты болады. Уйыктайтын уакытты куннін батуы мен шыгуы реттейді. Себебі, букіл кун жуйесіндегі планеталардын барлыгына куат беріп, олардын омірін баскаратын – Кун. Кун – омір куаты. Жер бетіндегі тірлік те куннен куат алатын болгандыктан, барлыгы кунмен бірге турып, кунмен бірге жатады. Табигаттын бул зандылыгын хайуанаттар мултіксіз орындайды.

Кустар тансаріден ан салып Кунді карсы алады, малдар  да кунмен бірге турып, жайлауга карай бет алады, осімдіктер гулдерін ашып кунге бет бурады, сол сиякты баска да жан-жануар, ит-кус, андар кунмен бірге турып тіршілігін бастайды. Олар осылай оздерінін табиги инстинкті бойынша алем ыргагын бузбай, онымен уйлесімді омір суреді. Ал адам баласына келетін болсак, жагдай баскаша.

Адам баласына ерік берілген. Ол кунмен бірге турамын десе –  турады, ал турмаймыне десе – турмайды. Ал, напсіні жене алмай жургендердін тургылары келмейді. Сондыктан, олар – кунмен бірге турмайды. Тіпті, кундізгі сагат 10...11-ге дейін уйыктайтын адамдар бар.

Сойтіп олар Куннін беретін омір куатын толык ала алмайды. Акырында, куні бойы куаты жетпей, алсіреп, кешке карай мулде шаршап калады. Бул куннен кунге жиналып, акыры адамды ауруга шалдыктырады. Казіргі кезде тіпті унемі шаршау синдромы (синдром хронической усталости) деген ауру да пайда болды. Куннен ала алмаган куатты адам озіне табигаттан баска жолдарымен алуга умтылады.

Сойтіп, табигат куаттарын сорып, табигатты алсіретеді. Мысалы, сонын бір корінісі – адамнын тамакты молшерінен артык ішіп-жеуі, арак-шарап тарізді коздыргыш заттарды пайдалану. Бул адамнын денсаулыгына кері асер етіп, молшерден тыс тамак онімдерін ондіруді жане оларды пайдалануды керек етіп, онеркасіп, ауылшаруашылык, медицина сиякты адам омірін камтамасыз ететін жуйелерді кобейтуге мажбур етеді.

Тамак. Тамак ішу барлык жан иелеріне ортак. Хайуанаттар алемінде бул табиги инстинктпен реттеліп, олар оздеріне тиісті тамак турін жане тиісті молшерін гана жейді. Мысалы, шоп коректілер те кана шоппен коректенсе, ал жырткыш андар тек етпен коректенеді.  Оларга бірінін тамагы біріне керегі жок. Табиги калыпта омір суретін хайуанаттарда оздеріне тиеслі тамакты жане оз молшерінде колдангандыктан, артык тамак жегеннен зардап шегетіндер болмайды.

Ал адамдар ше? Адамдар тамакты талгамай, онын барлык турін жане молшерінен артык колдангандыктан, казіргі кезде артык салмактан турлі ауруларга шалдыгып, одан емделудін озі коп маселені тудырып отыр. Осылай адамдар оздеріне оздері ауру жасап алады. Соныме бірге, жер шарынын баска боліктерінде адамдар аштыкка ушырап жатыр.

Корганыс. Хайуанат алемінде корганыс тек кана озінін омірін сактау ушін гана болып, табигат зандылыктарын бузбайды. Табигат аясында журген андардын саны біркалыпта сакталып, белгілі бір уйлесімділікте болады. Ал адамзат когамында корганысты аркімнін оздерінін кулкындары камы ушін пайдалангандыктан, согыс каруынын молшері букіл жер бетіндегі тіршілікке кауып тондіріп отыр.

Жыныс катынасы. Хайуанаттар алемінде жыныс катынасы тек кана олардын урпагын сактау ушін гана арналган. Сондыктан, жануарлар арасында белгілі бір уакытта гана жыныс катынасы болады. Оларды инстинкт реттейді.

Ал адамдарга жыныс катынасын реттеу ушін акыл-ес пен ерік берілген. Бірак акыл-есін напсілері женіп кететіндіктен, оздеріне берілген мумкіншілікті олар оздерінін напсілерін канагаттандыру ушін пайдаланады. Сондыктан, жыныс катынасы озінін алгашкы манінен айырылып, бугінгі кундері адамзаттын коптеген зардабынын себебіне айналып отыр.

Бул турлі аурулардын себебі болумен катар, кейбір елдерде тіпті отбасынын іргесін шайкалтып, "еркін махаббат" (свободная любовь) дегенді тудырды. Сонын салдарына жетім калган, тастанды балалардын саны кобейді. Бул букіл когамнын алгашкы болігі отбасына кауіп тудыргандыктан, ар елде турлі шаралар колданылуда.

Бірак мунын себебін жане онымен калай куресудін адісін білмегендіктен, маселенін шыгу себебін, онын калдыратын салдарын тусіндірудін орнына, кейбір "академиктер" валеология сабагында мектепте окитын кыздарга балалы болудан калай сактану керектігін уйрететін кітаптар жазды. Олардын бул кітаптары жасоспірімдерді "Зансыз жыныс катынастарымен шугылдана бер, тек кана екі кабат болмасан болды" дегендей ойга калдырып, сана-сезімдеріне кері асер етуінін салдарынан,  Ресей елінде, тіпті, дін кызметкерлерінін карсылыгына ушырады. Міне, рухани сауатсыздыктын натижесі осындай.

Енді адамзаттын улы ойшылдарынын создерінін дурыстыгын, олардын кателеспегендерін аркім озі де тусінетін болар. Томенгі сатыдагылардын кейбіреулерінен хайуанаттардын артык екенін Шакарім де жазады. Арине олар бул туралы жазган кезде біреуді мукату ушін емес, буган аркімнін козін ашу ушін жазады.

Сондыктан, олардын создерін дурыс кабылдап, соган коніл боліп, ойга салып, гибрат алу керек. Айтпесе, томенгi сатыдагылар тiршiлiктiн рахатын да коре алмай, ешкандай манiн де тусiне алмай, касiретпен отедi.

Осылардын барлыгынын себебі санасы томен адамнын акыл-есін онын напсісі женіп кетіп, озінін еркін дурыс пайдаланбай, бурыс пайдаланудын кесірінен деп білу керек. Олар канагатсыз, тойымсыз, мансапкор, озiн де, озгенi де сыйлай білмейтін тогышар болып келеді. Мунын озi адамды  одан сайын ашкарак, озбыр етедi.

Сондыктан олар унемi оздерiне тиесiлi несiбеден артык алуга умтылады. Бул касиет оны турлi жарамсыз iстер iстеуге итермелейдi. Сойтiп табигаттын аділет зандылыгы бойынша  озiнiн  журек  айнасын  уакыт  откен  сайын  кiрлетiп, канагатынан айрады.

Ал канагатсыз адам нысапсыз, ешкашан тоймайтын болгандыктан, ол даулетке ешуакытта жете алмайды. Сондыктан дуниеконыздык iшкi тыныштыкты алып, озінді ардайым ыстык табанын устiнде жургендей сезіндіреді.