Борi алар жiгiттердi борiктерiнен танисын

Асет Мукашбеков
Борі алар жігіттерді боріктерінен танисын

Адамнын ісі кандай болса, озі де сондай. Г.Гегель

Біздін елімізде сонгы жылдары экономика мен саясатта тубегейлі озгерістер болып жатыр. Адамдар баска жумыс іздеуде. Олардын калауы: жанга жайлы, акшасы мол жумыс табу. Бір адам тужырым жасайды, онын жасы сайкес келмейді деп. Себебі, хабарландыруда 40 жаска дейінгілерді гана жумыска кабылдаймыз деп жазган, онын устіне талай кабат жумыс іздеп, тауы шагылып, беті кайткан. Озінін таныстарынан еститіні, казіргі кезде жумыс табу оте киын, ал теледидардан коріп, газеттерден окитыны жумыссыздык, дагдарыс, енбек акыны уакытылы толемеу т.б. Натижесінде жумыс таба алмайды, немесе уакытылы енбек акы толемейтін касіпорында жумыска орналасады.

Енді бір адам, озінін жасы улгайып калганына карамай, озінін біліміне, кабілетіне, жумыс тажірибесіне сенімді болып кайтсе де кімге, кай жерге болмасын кажет екенініне сенімді. Ол оз колына каламын алып – озіне канша молшерде: патеріне, жаксы тамактануына, корікті киінуіне, тамаша демалысына т.б. нарселеріне канша каражат кажет екендігін есептейді. Бастапкыда есептеген сандарынан озі коркады.

Сонан сон ойланып: «Неге олай етпеске? Будан да жогары жалакы алатын адамдар бар гой, менін олардан кай жерім кем? Олай болса осы акшаны мен де таба аламын гой!».
Осынын бір мысалы: Ауылда озім бас агрономмын, ал Токеш Тілегенулы Бошаев бас мал дарігері. Токеш Тілегенулы оз кызметін абыроймен аткарды жане оз мамандыгын жетік менгерген маман. Онын білімділігі мен уйымдастырушылык кабілеті ерекше жогары-тын. Парасаттылыгымен, аділдігімен, адалдыгымен, мейірімділігімен, шопандарга деген жанашырлык козкарасымен улкен курметке ие болды.

Кейбір бас мал дарігерлері сиякты шопандардын айелдерінін карынга сактап койган сары майларын, калжындаган болып тартып акетпейтін, оларга кылмындамайтын. Осындай мамандарды, когамдык тамактардын жартысын уйіне таситын, колхоздын ер-турманын, канытын, шопан тондарын урлап базарга сататын болімше менгерушілерінін талайын оз басым кордім.

32...33 жасымда улкен кой шаруашылыгы совхозында, партия уйымынын хатшысы болдым. Шопандар 150...200 шакырым аралыктагы жайлауга кошетін, арам олген койларды сасытып, курттатып – апталап арбасына тиеп тасып журген шопандарды коріп жагамды устаганым бар. Сасык иістін жанына журегін айнып бару мумкін емес-тін. Казактын конбістігіне, ынжыктыгына, сорлылыгына ішім казандай кайнайтын. Сурайтынмын: «Мына мункіп, курттап кеткен олекселерді неге болімшенін мал дарігеріне корсетіп, акті жасатып коміп тастамайсындар?». Олар: «Булай істеуге совхоздын бас мал дарігері рухсат етпейді. Койдын басын озі гана шабады,  болімшенін дарігерлеріне сенбейді. Озі отарларды екі аптада бір аралайды. Бір арба олексені аркалап жургеніміздін себебі осы, карагым».

Атам казакта: «Уш кун кой бакканнан акыл сурама», – деген терен магыналы даналык макал бар. Біздін Семей жакта, Кенес укіметінін тусында колхоз, совхоз баскарган басшылардын басым болігі осындай: туйтіксіз, ангудік, урда-жык, апербакан, алкеуде, есерсок, рухани надан мал мамандары болатын.

1983-85 жылдары, Кенес укіметінін басшылары бірінен кейін бірі сайлана салысымен оліп, шыбынша кырылып жаткан. Сол туста облыска басшы болып, гылыми атагы бар мал маманы тагайындалды. Келе сала, шілденін шілінгір ыстыгында жана туган жуз мындаган козыларды енесінен боліп алып, жеке каматып, тугелдей жусатып, кырып тастаганы бар. Жиналыстарда булбулша сайрап: «Мен гылыми атагы бар зоотехникпін. Казактын гасырлар бойы кой багудагы калыптаскан карангылыгын, надандыган жойып, козыны жеке бактырамын. Кой багудын жана технологиясын ойлап таптым», – деп кокитін.

Облыска басшы болуы мун екен, талай іскер басшыларды соттатып, айдатып жіберді. Коп узамай-ак: «корсокырлыкпен урыктанган идея, касірет гулімен гулдеп, зардапты жемісін» бере бастады. Колхоз, совхоздарда – болек баккан, жана туган козылардын олімтіктері тау-тау уйіліп, мая болып калды. Оларды трактордын тіркемесіне кунделікті толтыра тиеп, тунделетіп орга апарып, бетін бульдозер тракторымен жабатын. Бул жагдай Семей облысында жаппай «козыны каталатып, аштан кыру науканы» деген атпен, тарихтын коленке беттерінін біреуі болып «жабулы казан, жабулы куйінше» калды. Елді жаппай турмеге отыргызатын басшы, озінін накурустыгына жауап бермек тугілі, Республиканын екінші хатшысы болды...

Сол кездердегі анекдоттан. Бір шетелдік Казакстанды аралап еліне барыпты, сонда:
– Казак деген кандай халык екен?
– О! Казак тамаша, жуас, конбіс халык. Музыкаларын еврейлер жазып, олендерін
татарлар айтады, ал техниканы немістер мен орыстар жургізеді екен. Бірак, казак жуас болганымен, оте ку екен, койды ешкімге сенбей озі гана багады.

Осыны окып, ойлай бер, болсан зерек.
Енбекті сат, ар сатып неге керек?
Уш- ак нарсе – адамнын касиеті:
Ыстык кайрат, нурлы акыл, жылы журек. Абай

Токеш Тілегенулы жубайы Света Каликызы екеуі ойлау жуйелерін курт озгертіп, алдынгы лекпен Алматыга кошіп келіп, жастарынын келіп калгандарына да карамай, екеуі де жумыска орналасып, бастарына баспана, балаларын тугел окытып жетілдірді. Токеш озінін кабілетіне, мамандыгына орай «Сеймар» кус осіру фирмасында бастапкыда катардагы маман, уйымдастырушылык кабілетімен, жумыскерлігімен ерекшеленген сон – бас маман, ал Света озінін мамандыгы медбике – ауылдык аурухананын лаборанты болып кызметке турды.
Токеш Тілегенулы – елуді енсеріп, алпысты алкымдап калган, аккубаша келген, аса келбетті, екі иыгына екі кісі мінгендей сунгак бойлы, терен ойлы, тау козгалса да жопе-жонді козгала коймайтын отагасы.

Ерекше жігерлі, кайтпас-кайсар, рухани денгейі жогары адамдарга тан: жагымпаздануды, жалпактауды, біреуді сыртынан сойлеуді, коре алмауды жактырмайтын касиет Токешке де тан болатын. Науалы халкы осы ушін Токеш пен Светаны силады, курметтеді. Бул касиет озіміздін устазымыз, кезінде бригадир болган «дала академигі» – Семейхан Нугымарулы Кокымбековтан  жугысты болган шыгар деп, Токеш екеуміз ойлап коямыз.

Балалары: Улан, Дархан, Балжан, Айжан барі: казіргі омірде оз орындарын, оз алемдерін курып алган бакытты жандар. Токеш пен жубайы Света оздері жагдайларын жаксартып алган сон, ауылдагы бауырларынын, агайындарынын да жагдайларын шеше білді. Оларга шамшырак, жол нускайтын темірказык жулдызы  секілді. Казір бауырлары мен келіндері, агайындары тугелдей Токеш пен Светанын  манына топтасты, оз омірлерін озгертті. Оздері бір тайпа ел болып, Алматынын касындагы жанга жайлы, табигаты коркем, ауасы таза, суы молдір «Мерей» ауылында мерейленіп, шаттанып «бір жагадан бас, бір женнен кол шыгарып» дегендей: агалары Токештін, женгелері Светанын баскаруымен, осылардын акылымен,  омір озенінде тіршіліктерін дурыс жолга койды. Кейіннен, 2005 жылы озім де осы ауылга кошіп келдім.

Токеш пен Света калага кошіп кеткенде, колхоздын мамандары, кейбір агайындары, жора-жолдастары т.б. іштей ойладык, сыртынан соз де кылдык: «Байгус Токешті тулен туртіп адасты гой! Астынан су шыкты ма? Мойны ыргайдай, биті торгайдай болып, тентіреп кайтып келеді! Калада кай акесі кутіп отыр дейсін?! Ай, бишара-ай...», – деп озімізше мусіркейтінбіз.

Калага барып келгендер, Токеш пен Светалардын омірлерін ертегіге бергісіз кылып, ауыздарынын майы тамып айтып келетін болды. Арбір адам барган сайын, ар турлі жаксы озгерістер мен жаналыктарды айтады.

Бірнеше жыл отті. Бурынгы Токешті мусіркеп журген  колхоз мамандарынын негізгі басым болігі «тышкан аулап», тоз-тозымыз шыгып: «ат басына кун туса, ауыздыкпен су ішер, ер басына кун туса, етікпенен су кешер» дегендей, бетіміз ауган жакка лагып тентіреп, «тезек» теріп кеттік... 

Алматыда: Токеш Бошаевтын, «Сонар» фирмасын курган агайынды Рахметовтардын, Ахметбек бастаган агайынды Нурсилановтардын, Аділхан Байділдіновтын, Гулмира Курманбаеванын, Астанада: Токтаргазы Бегетаровтын, Карагандыда: Турсынгали Амірхановтын, Оскеменде: Серіккали Смаиловтардын, Семейде: Журсін Сайделдиновтын, ерлі-зайыпты: Азат, Батемхан Каттебаевтардын,  Талдыкорганда: Даулет Жунісхановтын т.б. ауылдастарымыздын жеткен жетістіктері, ауылда жумыссыз тентіреп журген мамандарга гана емес, жалпы журтка терен ой салды, ойлау жуйемізді озгертуге керемет ыкпал етті. Тагдырларына тубегейлі бет бурыс жасау ушін Науалыдан Алматыга, Астанага, Карагандыга, Семейге, Оскеменге, Талдыкорганга, Актауга, Атырауга т.б. улкенді-кішілі калаларга туган жерлерін, ата мекендерін, жайлы коныстарын тастап, удере кошкен «улы кош» басталды.

 Кеткен журттын орнын, ата коныстарын кытайдан келген оралман бауырларымыз басты. Ауылдагы халык саны азая койган жок. Кошіп келген кандастарымыз оздерінін тракторларымен елдін шобін шауып, т.б. жумыстарын аткарып ауылга нак нарыктык экономиканы, капитализмді кіргізді. Себебі, олар кытайлардан жумыс істеуді уйренген. Оз Алемдерін оздері курады. Тубінде казак ауылдарынын тагдырын тубегейлі шешетін иесі де, киесі де осы кандас бауырларымыз болады. Бул бултартпас акикат!

Озім куа болган бір окиганы айта кетейін:
 1960-62 жылдары Н. С. Хрущев кытаймен арадагы шекараны ашып жіберіп, талай казакты квотасыз, кужатсыз-ак кошіріп алып, козсіз ерлікке барды емес пе?! Осы казактар дінімізді, ділімізді, мадениетімізді, улттык касиеттерімізді кайта алып келіп, солып бара жаткан казак кайта коктеді. Кой багып елдін де, оздерінін де турмыс жагдайларын тузеді. Олар кошіп келгенде буттарында кок дамбалдан баска дымы да болган жок кой!  Олар жоктан бар жасады. Біраз жылдан кейін осы агайындарымыз жергілікті казактан турмыс, рухани даму жагынан да кош ілгері кетіп калды. Себебі, енбеккор. Кенес укіметінін китуркы саясаты – бір казакты «жергілік» жане «кытайшык» деп екіге жіктеп, араларына білдірмей шок тастап коятын.

1955 жылдары алгаш кужатпен откен казактар, басым болігі осы кітап авторынын нагашылары.  Нагашылырым Каракерей Найман елінін Байыс тайпасынын Тума елінін ішінде Кудас деген ру – жауынгер, тентек, журек жуткан ел.

1955-56 жылдары тын котереміз деген желеумен Ресей: турмесінде жаткан кылмыскерлерін, кошеде журген бузыктарын, т.б. адамдарынын бузылган калдыктарын, топтарын – отарлау саясатын жургізе отырып, Казакстанга каптатып, оргізіп жіберді. Келімсек неше турлі улт окілдерінін кокыр-сокырлары, басбузар тентектері, кылмыскерлері біздін ауылга да каптап кетіп, казактарга кырындап карап, есіктен сыгаламай жатып: «тор менікі» деп жауша тиіп, есікті теуіп кірді. Негізі орыс пен украин, буларга согыс кезінде жер ауып келген шешен жастары косылып, жергілікті казакка кун корсетпеді.

Алі есімде, кішкентай бала кунім. Уржарда орталык саяжайда улкен мереке болды. Ауылдын бар баласы осындамыз. Умытпасам бул 1956 жыл, Казакстаннын 30 жылдыгы. Кобіміз нагашыларымыздын аттарына мінгесіп барганбыз. Олар кылшылдап турган, аттын кулагында ойнайтын шабандоз жас жігіттер. Шетінен жаужурек, кызба канды кокпаршылар.

Мындаган ішіп алган орыстар, хохолдар, шешендер адеттегідей казактарды сабай бастады. Кытайдан келген казактарды алі жонді білмейді. Бір уакытта «Шынгожа! Шынгожа!» деген Тума баласынын согыс ураны жер жангыртты. Орталык саяжайда атка мініп, тойды кызыктап журген жігіттер дереу 40-50 шактысы аскери тартіппен бір жерге топтала калды.

Кейбіреулерінін колдарында дырау камшы. Камшысы жоктары узенгілерін агытты, енді біреулері агаштан сойыл жасап алды.  Он-оннан топка болінді. Топтан таныгандарым: Макыш, Жакашбай ага, Токтам ага, аюмен алыскан Абітай, кокпаршылар: Ахметкали, Токештін акесі Тілеген, Аскар, Саният, Бигажы, Акан, Салім, Мукаш, Болат, Назарбек, Ондірхан т.б. Абылхановтар, Домбалановтар,  Уасіловтар, Касабаевтар, Каймакбаевтар, Жакупов, Сейтжапаров, Бошаев аулеттері тугелдей ат устінде.

Улы даланын кошпенділерінін – ка;арман, жаужурек, жауынгер урпактары майданды бастады. Он-оннан лекке болінген, дала согысы амалын жетік білетін атты жасак – оншен кокпаршылар, коздері шоктай жанып, теніздегі жарга соккан толкындай лек-легімен: орыстарга, украиндерге, шешендерге кыргидай тиіп, жамсатып салды.

Арткы лек атойлап «Шынгожалап» урандап тигенде, алдынгы лек кайта айналып толассыз куйылып отырды. Аттын бауырына салып, еркек кіндіктілерін кан-жоса кылып, естерін жигызбай сабады. Бет-ауыздарынын дал-дулы шыккан, бастары жарылып, аяк-колдары сынган, койлектері канга малшынган олар – торт тагандап, тонкандап кашты. Буттарына тышкызып, бута-бутанын тубінде, тыркырата куып журіп сабады, ат туягымен таптады. «Сыбагадан» бір де біреуін кур калдырмады. Аяуды білмеді. Сабаганда жай сабап кана койган жок. Ерекше ошпенділікпен, жігермен, шабытпен, шаттыкпен, кулшыныспен сабады. Себебі, аталарынын, акелерінін кегін алды! Булардын барі де 1920жж., 30-32 жылдары Науалыда туган балалар еді...

Бул кеуделерін котеріп журген баска улт окілдеріне, «улы халыкка», – сонгы демдері таусылганша умытылмайтын омірлік сабак болды. Олардын енселерін езіп, кайта бас котертпей, «жындарын» ап-сатте кагып, буктырып, біржола туншыктырып тастады. Осыдан кейін олар: куйрыктарын кысып, ауыздарындагы создерін абайлап сойлеп, таубаларіне тусті. Казак «Аюга да, намаз уйреткен таяк» деп бекер айтпаса керек. Казак котерілмесін деніз...
Менін бір ерекшелігім, бала кунгі коргендерім тугелдей сол калпы есімде. Арбір сат, адамдардын аты, бейнелері. Уакыт тезіне сала келіп, осы котерілісті оте акылды, ержурек, дала согысынын адісі мен барымтанын кыр-сырын аса жетік білетін адамдардын баскарганын, солардын тас-туйіндей кылып уйымдастырганын Газиз жаным, санам  аркылы кімдер екенін білдім.

Олар оздерінін ел-журтын, руын шашау шыгармай, кытай жеріне 1930...32 жылдары кызылдармен согыса отырып алып кеткен, 1955 жылы уйымдаскан турде кайта: туган жеріне урпактарын осіріп, орбітіп аман-есен алып келген, кызылдарга карсы болып, кезінде атаман Анненков пен дос-жаран болган, кытайга мойын усынбаган, тума дарын колбасшылар, журектерінін кылы бар, текті тукымнын урпактары, ХIХ-ХХ гасырдагы казак батырларынын сонгы туяктары: Нурахмет Абылханулы, Нусіп Кабдолдаулы, Макыш Жакыпулы аксакалдар еді...

Бала кунімде корген осы шайкас, алі кунге коз алдымнан кетпейді. Кей кездерде бейнетаспа коріп отыргандай есіме алып, осы коріністі кайталап коруден жалыкпаймын. Нагашыларымнын ерліктеріне суйсінемін, таныркаймын. Котеріліс басшылары, даланын дана карттары, оз руларынын косемдері: Нурахмет Абылханулы, Нусіп Кабдолдаулы, Макыш Жакыпулы аксакалдардын, нагашыларымнын аруактарына куран аяттарын багыштап, есіме алып отырамын.
Казір «елім деп еніреп туган», кезінде Кудас, Кисык, Кожагелді руларынын кошбасшылары – косемдері болган: Нурахмет аксакалдын улы: «Науалы жугері зауытынын» директоры, белгілі касіпкер Жуматаймен, Нусіп аксакалдын улы: Науалы балалар уйінін директоры Турсынмен, Макыш аксакалдын улдары: Серіккан, Сарсенгали, Бейсенгалимен жаксы кимас достык, агайындык карым-катынастамын. Олармен арадагы достыгымды курметтеймін, мактаныш тутамын...

Бул ертегі емес – омірден алынган шындык. Бакыт пен молшылык та кус сиякты, балапандарын басып шыгару ушін уясын озіне жайлы жерге салады. Казекеннін бакытты куска тенейтінінін мані мен магынасы осында жатыр. Даулетті, абыройлы адамдарды: «Басына бак кусы конган», – деп аскактататыны да содан. Ал бак кусынын басына кону конбауы озінін санасы мен ойлау жуйесінде бугып жатканын копшілік білмейді, сезбейді. Озінде бар бак кусын озі тусінбейтін айдаладан іздейді. Кездойсоктык болмайды – бул Газиз жаннын зандылыгы. Агайынды Рахметовтар, Токеш пен Света, Турсынгали мен Гулниса т.б. ауыл азаматтары оздеріне толык сенімді болды, оздерінін білімдері мен тажірибелерін багалай білді. Булар оздерінін ойлау жуйесімен керектісін, сайкес келетінін алды. Калай айтсаныз да, біз оз омірімізді озіміз курамыз!

Кортындылай келсек:
4. Біз омір суретін Акикат, озіміздін Газиз жанымыздын багдарламасына сайкес, ойткені осыны бала кунімізден калыптастырдык. Ішкі жагдайымыз – сырткы келбетіміздін корінісі.
5. Арбір пенде баласы озінін омірдегі басты максатын, онын Акикат курудагы барысы, нактылы Акикатпен сайкес келуін калайды, осыган талпынады.
6. Біздін алем озіміздін ойымыздын шагылысы, жангырыгы. Озіміз омірде неге колымызды жеткіземіз, буны озіміз жасаймыз.
7. Егер де, оз омірінізде бірдемені озгерткініз келсе: денсаулыкты жаксарту, адамдармен карым-катынас, турмыс жагдайы, жумыс, акша т.б., онда озініздін Газиз жаныныздын багдарламасын, ойынызды, озінізді тубегейлі озгерту кажет.